Жаңалықтар

Шетелдегі қандас талапкерлер үшін оқуға түсу талабы жеңілдетілді

Шетелдегі қандас талапкерлер үшін оқуға түсу талабы жеңілдетілді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 17.07.2024 23:26 592

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік бал болмайды.

Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пәннен).

Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.   

Құрметті қандас талапкерлер! 13 шілдеден бастап, мемлекеттік білім грантын алуға құжаттар қабылдау басталды. Оған талапкерлерден 13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданып жатыр. Су тасқыны болған аймақтың (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО) талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында қабылданады. Кез келген талапкер Қазақстанның барлық жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыра алады және ол онлайн түрінде де жүзеге асырылуда. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау ҚР Ғылым және жоғары білім  министрлігінің құрған комиссиясының шешімімен белгілі болады, - делінген «Отандастар қоры» КеАҚ ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға