Жаңалықтар

Шетелде тағылымдамадан өтуге өтініш қабылдау басталды

Шетелде тағылымдамадан өтуге өтініш қабылдау басталды
Фото: © Pixabay.com 28.08.2023 14:06 646

"Болашақ" бағдарламасы бойынша ғалымдардан шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мүмкіндік 500 зерттеушіге беріледі. Өтініштер 13 қазанға дейін қабылданады, республикалық комиссия жеңімпаздарды желтоқсан айында жариялайды.

Құжаттар арнайы (қағаз түрінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) Халықаралық бағдарламалар орталығында (Астана қ.) Сығанақ қ., 70 (Сығанақ бизнес орталығы), 5-қабат, 508 кабинетте қабылданады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, егер құжаттарды үшінші тұлға ұсынатын болса, онда өтініш берушіден нотариус куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы апару қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға