Шетелде оқитын қазақстандық студенттер Республика күніне арналған флешмоб бастады

Шетелде оқитын қазақстандық студенттер Республика күніне арналған флешмоб бастады
Фото: ЖИ иллюстрациясы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер әлеуметтік желіде флешмоб бастады. Олар отандастарын алда келе жатқан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды El.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Alua Yerlan (@aluasha)

Студенттер білім алып жатқан елдерінен қазақстандықтарға мерекелік құттықтаулар жолдады. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ және басқа да мемлекеттерден үн қатқандар бар. Туған жерден жырақта жүрсе де, жастар Республика күнін атап өтуге атсалысып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aiman Issakova (@dr.aimana)

 

Флешмоб қазақстандықтарға шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының қатысушыларын біріктірді. Студенттер үшін бұл бастама туған елмен рухани байланысты сақтап, мерекелік көңіл күйді отандастарымен бөлісуге мүмкіндік берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aikunim (@rustemovna.sa)

 

Әлеуметтік желіде жарияланған құттықтаулар Республика күнінің әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретінін көрсетті.

 

Айта кетейік, Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл – елдің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын ұлттық мереке.

Оқи отырыңыз