Жаңалықтар

Шет мемлекеттік өкілдіктері жанынан 68 сайлау учаскесі құрылды

Барлығы 641 байқаушы аккредиттелді
Шет мемлекеттік өкілдіктері жанынан 68 сайлау учаскесі құрылды
Фото: gov.kz 15.11.2022 13:16 1493

Cыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломаттар мен халықаралық байқаушылардың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды El.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді алғашқы сөзін елімізде болып жатқан өзгерістерден бастады.

«Бұл 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізілген 7-ші Президент сайлауы. Еліміздегі демократиялық құндылықтың дамуындағы тағы бір маңызды кезең. Сайлауға әртүрлі көзқарастары бар 6 кандидат қатысады. Бәсекелестік сайлауды өткізу үшін барлық жағдай қамтамасыз етілді. Президенттікке кандидат тек саяси партиялардың өкілдері ғана емес, қоғамның әртүрлі мүддесін білдіретін қауымдастық өкілдері қатысып жатыр. Тарихымызда алғаш рет саяси додаға екі әйел кандидат қатысуда. Бұл Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір маңызды қадам. Яғни, көптеген жыл бойы Қзақстан гендерлік теңдікті қамту және бизнес пен саясататты арттыру бойынша нақты қадам жасау үстінде. Осылайша, үкімет сайлауды ашық және әділ өткізуге міндетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқанының қатаң және халықаралық байқаушылардың қатысуымен өтетінін нақты айтты. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі екенін айта кеткен жөн. Біз сайлауды ұлттық заңнамада және халықаралық стандартқа сай толықтай өткізуге дайынбыз», - деді Сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ, министр кезктен тыс Президенттік сайлауды өткізу басқару стандартын және қоғамға есеп берушілікті, шешім қабылдау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында қабылданғанын атап өтті. Алдағы дауыс беру еліміздегі ауқымды реформаның жүзеге асып жатқанын білдіреді деді.

Жиында сөз алған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезктен тыс Президенттік сайлауға 6 кандидат тіркелгенін және қалған 6 үміткер заң талаптарына сай келмегендіктен бас тартылғанын тілге тиек етті.

«Қазіргі уақытта кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үстінде. 19 қарашаға дейін жалғасады. Ел бойынша сайлауға барлығы 10101 учаске тартылады. Ал сайлаушылар тізіміне 11950485 азамат енді. 4 қарашадан бастап азаматтарға тізімде өздерін тексеруге мүмкіндік берілді. Шет мемлекеттік өкілдіктері жанынан 68 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге арналған сайлау мәтінінің бюлетені бекітілді», - деді ОСК төрағасы.

Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін бірқатар шара қабылданды. ОСК жанынан жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселесіне аудару және белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру үшін жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, күні кеше халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Барлығы 641 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде 532 байқаушы 10 халықаралық ұйымнан және 110-ы байқаушы шет мемлекеттен екені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға