Жаңалықтар

Шет ауданындағы өрттің аумағы 900 гектарға жуықтады

Шет ауданындағы өрттің аумағы 900 гектарға жуықтады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.07.2023 10:45 866

Қарағанды облысының Шет ауданындағы тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіруге 168 адам және 34 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Жұмыстар бір ошақта жүргізілуде, ашық жану ошағы жоқ. Суару жұмыстары және қарауыл жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аэровизуалды зерттеу деректеріне сай, алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 870 га құрайды. Оның ішінде «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ аумағында 116,143 га жер өртенген.

Оқи отырыңыз:

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында құрғақ шөптің екі дала жануы жойылды: Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылдық округінде 15 га алаңда және Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би ауылдық округінде 10 га алаңда. Ақтоғай ауданындағы Айыртас ауылдық округінде бір дала жану ошағы бақылауда қалып отыр. Өртті жоюға ТЖД және Айыртас ауылының өрт сөндіру бекетінің күштері жұмылдырылды. Жану ауданы анықталуда, - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметінде.

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

- Құрғақ мезгілде ормандар мен далаларда отпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек;

- Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз, сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз;

- Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде жарамды ұшқын сөндіргіштері бар техниканы пайдалану қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға