«Шерзод тізімге енбей, Жұбаназар шет қалды»: Азия ойындарына баратын дзюдошылар белгілі болды

«Шерзод тізімге енбей, Жұбаназар шет қалды»:  Азия ойындарына баратын дзюдошылар белгілі болды
Фото: IJF

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы бекітілді.

Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы бекітілді. Команда сапына өз салмақ дәрежелерінің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Grand Slam сериясы турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен ішкі іріктеу жарыстарының жеңімпаздары енді, – деді дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.

фото: ҰОК
фото: ҰОК

Бапкерлік құрам да жоғары жауапкершілік жүктеліп тұрғанын түсініп тұр. Өйткені Азия ойындарының смалмағы басым. 

Құрама алдында жоғары міндеттер тұр. Біз ерлер мен әйелдер арасындағы барлық негізгі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ Mixed Team командалық жарысында жүлделі орындар үшін күресуді мақсат етіп отырмыз. Азия ойындары біз үшін ерекше маңызға ие. Бұл – Қазақстанның Азиядағы жетекші дзюдо державаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеуге және олимпиадалық іріктеу кезеңінің маңызды белестерінің бірінен табысты өтуге мүмкіндік беретін жарыс», – деді  Роберт Мшвидобадзе.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

ХХ Жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

Ерлер:

60 келіге дейін: Елдос Сметов

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев

73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов

81 келіге дейін: Алмат Әділет

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байкамуров

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

Әйелдер:

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова

57 келіге дейін: Дана Әбдірова

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

70 келіге дейін: Ажар Асхат

78 келіге дейін: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

фото: Жұмағазы Нұрғали
фото: Жұмағазы Нұрғали

Құрама тізіміне мән берсеңіз, 81 келідегі ұлттық құраманың нөмірі бірінші болған Абылайхан Жұбаназар Алмат Әділетке жол берген. Өйткені биыл Алмат Әділет Аустрияда өткен Гран-при бәсекесі мен Қытайда өткен Азия чемпионатында топ жарды. Ал Абылайхан болса Париждегі Grand Slam мен Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі. 

фото: ҰОК
фото: ҰОК

 Бір кездері 73 келі салмақта көш бастаған Данияр Шамшаев биыл ұлттық чемпионатта ұтылып қалды. Содан бері ол екі халықаралық бәсекеде бақ сынап, Ховатияда өткен Еуропа кубогынде топ жарды. Бірақ бұл Азиада ойындарына баруға жеткіліксіз еді. Өйткені жолдама үшін талас Аңсарбек Ғайнулин, Есет Қуанов, Бақытжан Абдурахмановтың арасында жүріп жатқан. Бақытжанның жарақаттан кейін ұзақ уақыт татамиге шықпағанын ескеру керек. Ол биыл ғана қатарға қосылды. Сондықтан бапкерлер жас жүйрікке мүмкіндік беруге ұйғарған сыңайлы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EUROPEAN JUDO UNION (@europeanjudo)

Ал 60 келі салмақта жағдай басқаша. Бапкерлер жас жүйріктерге мүмкіндік беруді кейінге қалдырғандай. Өйткені осы салмақта Елдос Сметовтен бөлек Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов сынды мықтылар бар. Қай-қайсынын алсаң да, «сен тұр, мен атайын»  деп тұр. Ал Елдос Сметовтың жақында Қытайда өткен Гран-при бәсекесінде 5 орын алды. Биыл Шерзод Давлатов 5 халықаралық жарыстың тең біреуінде сүрініп, қалған жарыста кемінде 5 орын алған. Талғат Орынбасар болса, Тблисиде – қола, Қазақстанда өткен Grand Slam жарысында күміс еншіледі. Айта кетерлігі, Елдос Сметов мансабында жазғы Азия ойындарына үшінші рет қатысқалы жатыр. 

Жазғы Азия ойындарындағы нәтиже қандай?

Жазғы Азия ойындары – төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсеке. Олимпиада ойындарынан статусы төмен демесеңіз, кей спорт түрінен қатысушылар саны басым. Спортшы үшін нағыз трамплин. Сонымен, дзюдодан ұлттық құраманың кейінгі үш жазғы Азия ойындарында жиған медаль санын салыстырып көрелік.

фото. ҰОК
фото. ҰОК

2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында ел намысын 14 дзюдошы қорғады. Құрама сапыннан 60 келі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов чемпион атанды. 100 келіге дейінгі салмақтағы Максим Раков күміс еншіледі. 66 келі салмақта Азамат Мұқановқа қол жүлде бұйырды. 

Әйелдер арасында сынға түскен Ленария Мингазова (52 кг) мен Мариан Ордабаева (63 кг) қола медаль жеңіп алды. 

Ал 2018 жылы Джакартада өткен Азиадада дзюдодан ұлттық құрама бір алтын, бір күміс, үш қола медаль еншіледі. Қоржынға алтын медальді сол тұста жарқырап шыққан 81 келідегі Дидар Хамза салды. Ерлер арасында – Елдос Жұмақанов (66 кг), әйелдер арасында Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Гүлжан Иссанова (+78 кг) қола жүлдеге ие болды. Командалық сайыста ұлттық құрама күміс медаль алды. Жалпы, осы бәсекеде Жансай Смағұлов (-73 кг), Дидар Хамза (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90 кг) сияқты балуандар елге кеңінен танылды. 

фото: Сали Сабыров
фото: Сали Сабыров

2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында дзюдодан ұлттық құрамаға алтын жүлде бұйырмады. Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) қола медаль алса, әйелдер сапынан  Абиба Әбужақынова (48 кг) – күміс, Эсмигүл Куюлова (63 кг) қола медаль алды. 

Оқи отырыңыз