Жаңалықтар

Шерзод Хаширбаев Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды

Шерзод Хаширбаев Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
Фото: ©Pixabay.com 17.03.2024 08:24 453

Швейцарияның Айроло қаласында аяқталған фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Шерзод Хаширбаев жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәләметінше, Шерзод Хаширбаевқа алтын медаль алу үшін 96.93 ұпай жеткілікті болды. Украиналық атлет Максим Кузнецов (94.82 ұпай) күміс, швейцариялық Пирмин Вернер (93.99 ұпай) қола жүлдеге ие болды.

Жарыс барысында 20 жастағы Шерзод 2 дүркін әлем чемпионы Ное Розды (Швейцария) қапы қалдырды. Бұл қазақстандық фристайлшының ересектер арасындағы кезекті жетістігі. Бұған дейін ол 2021 жылы АҚШ-та өткен Солтүстік Америка кубогында 1-орын иеленген. Сондай-ақ Шерзод былтыр Бейжің Олимпиадасында бақ сынаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға