Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді
21.05.2025 14:35
1437

Фото: Жоғарғы сот/Видеодан алынған кадр
21 мамыр күні Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында Шерзат Болаттың мәйтінің суреті көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған іс бойынша басты күдікті – Абзал Шынасылдан жауап алынды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталушыға Шерзат Болаттың денесіндегі жарақаттар жайлы сұрақ қойды.
Сот барысында марқұмның анасы Гүлбара Бишембиева баласының беті мен денесінде жарақаттар болғанын айтты. Осыған байланысты адвокат:
– Бұл жарақаттар туралы не айта аласыз? – деп сұрады.
Абзал Шынасыл бұл сұраққа қысқаша жауап беріп:
– Білмеймін. Мен Шерзатқа қол көтерген жоқпын, – деді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«TazaQazBot» телеграм-ботына жамбылдықтар 542 өтінім берген
Келесі жаңалық
Израиль соққысынан Тегеранда 17 адам көз жұмды