Жаңалықтар

Шенген визасына өтінішті онлайн беруге болады

Шенген визасына өтінішті онлайн беруге болады
Фото: © Pixabay.com 22.11.2023 15:00 584

Шенген визасын алуға өтінішті онлайн тапсыруға болады. Бұл туралы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропалық кеңес жаңадан екі қаулы қабылдады. Соған сәйкес, Еуроодақта арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады.

Дегенмен Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен биометрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді. Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады. Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға