Жаңалықтар

Шенеуніктерге мемлекеттік тілді білу міндеттелді

Шенеуніктерге мемлекеттік тілді білу міндеттелді
Фото: El.kz 31.05.2023 23:33 528

Қырғызстан Парламенті шенеуніктерге мемлекеттік қырғыз тілін міндетті түрде білуді талап ететін заң қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар үшінші оқылымда Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы Конституциялық заң жобасын қарап, қабылдаған.

Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң мемлекеттік тілді қолданудың «құқықтық негіздерін» белгілеуге бағытталған. Енді барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуі керек, олай болмаған жағдайда қызметінен кетеді. Сонымен қатар, жергілікті телерадиокомпаниялар ақпараттың елу процентін қырғыз тілінде таратуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға