Жаңалықтар

Шектеуі бар адамдарды шекарадан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті
Шектеуі бар адамдарды шекарадан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: exk.kz 14.11.2022 16:57 1075

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері үш мемлекеттің шекарасынан заңсыз адам өткізумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 21 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті»,-делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетел азаматы заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.

Шетел азаматына және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға