Жаңалықтар

Шекарадан 20 тонна сыраны заңсыз асырмақ болғандар ұсталды

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады
Шекарадан 20 тонна сыраны заңсыз асырмақ болғандар ұсталды
Фото: turkystan.kz 21.09.2022 10:55 792

Павлодар облысындағы «Найза» шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Алкоголь өнімдерін заңсыз әкетудің аталған фактісі 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің көлеңкелі экономикаға қарсы жұмысы шеңберінде анықталған.

Нәтижесінде жалпы көлемі 20 тонна болатын «сыра» алкоголь өнімі бар автокөлік ұсталды. Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмағаны анықталды. Бұл — «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен Успен аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға