Бейнежазбадан скриншот

Шайтанкөлде адасқан: Қарағанды облысында орман арасында жоғалған туристер табылды

06.07.2025 22:13 1011

Қарағанды облысында Қарқаралы тауларын жоғалған туристер отбасын ТЖМ құтқарушылары аман тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қарқаралы ауданында таңертең демалыс аймағынан Шайтанкөл көліне жаяу шыққан отбасы жоғалып кеткені белгілі болды.  

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен кинологиялық есеп жедел түрде жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде отбасы табылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Бұл ретте ТЖМ  табиғатқа шығар алдында маршрутты мұқият жоспарлап шығуға, жақындарыңызды жоспарларыңыздан хабардар етуге және байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуға кеңес береді.