Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиядан жеңіліп қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиядан жеңіліп қалды
Фото: © Pixabay.com 21.05.2023 03:30 656

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиямен кездесіп, тартысты ойын өткізді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы кездесу барысында құрамалар бақтарын сынады.

Бірінші кезеңде отандық құраманың қақпасына латвиялықтар екі шайба соқты. Бұл голдарды Рихард Букартс - 15, Оскар Багня 17-минутта орындаған болатын.

Екінші кезеңде латвиялықтар Мартиныш Дзиеркалс - 21, Родриго Аболс - 29, Микс Индрашис 39-минутта гол соқты.

Ал үшінші кезеңде латвиялық Каспарс Даугавиньш - 49, Родриго Аболс 51-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 0:7 есебімен жеңілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға