Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа кетті

Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа кетті
Фото: telegram 28.08.2023 04:07 612

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сора Рахмонова 26 қыркүйек күні Дана Уайттың үміткерлер шоуы аясында литвалық Эрнеста Карикайтеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы айқаста жеңіске жеткен спортшы UFC-де өнер көрсетуге шақырту алады. Сондықтан Сора Рахмонова АҚШ-та алдағы жекпе-жекке дайындығын жалғастырады.

Естеріңізде болса, Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты. Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға