Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновқа жекпе-жектерге дайындалу үшін қаржы бөлінеді

Шавкат Рахмоновқа жекпе-жектерге дайындалу үшін қаржы бөлінеді
Фото: gov.kz 15.03.2023 20:49 1403

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі Шавкат Рахмоновпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді. Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға