Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: prosports.kz 05.03.2023 16:12 1016

5 наурыз күні таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (Невада) UFC қарамағындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке слітеме жасап.

28 жастағы жерлесіміздің қарсыласы америкалық Джефф Нил болды. Қос спортшы 14 қаңтарда жекпе-жек өткізуі керек болған, бірақ қарсыластың жарақатына байланысты шайқас кейінге қалды.

Кездесу алдында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Нил Рахмоновтан жоғары тұрды: америкалық жетінші, қазақстандық тоғызыншы орында.

ММА әлеміндегі ең үздік ұйымдағы бесінші жекпе-жегінде Шавкат бесінші жеңісін тіркеді. Үшінші раунд аяқталар тұста қазақстандық спортшы қарсыласын қылқындырып, Нилге мүмкіндік қалдырмай, шайқасты ерте аяқтады. 

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға