Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/ 14.12.2023 11:03 781

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін мэйн-ивент турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кездесуде орта салмақта британиялық Леон Эдвардс үміткер америкалық Колби Ковингтонмен өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

«Номадтың» өзі де турнирге қатысады. Ол маңызы жағынан үшінші айқаста америкалық Стивен Томпсонмен жұдырықтасады. Осыдан соң чемпиондық атақ жеңімпазымен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Кім жеңетінін білмеймін, меніңше, чемпионға (Эдвардс) басымдық берілетін секілді. Бекер чемпион атанбаған ғой. Кім жеңсе де бәрібір, жеңімпазбен кездесуге дайынмын, - деді Рахмонов.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға