Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов тымағын сатылымға шығарды

Шавкат Рахмонов тымағын сатылымға шығарды
Фото: жеке мұрағат 12.02.2024 15:30 913

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тымақтарын сатылымға шығарды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Асылан Қаженов Facebook парақшасында бұл керемет бастама екенін жазды.

Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиардттаған қаржыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңгеде де алмайды. Бірақ еліміздің абыройын асқақтатуға және өзіндік иммидж қалыптастыруға масқара үлес қосады. Соның айғағы – мына басына киіп отырған тымағы, - деп жазба қалдырды. 

Әр жекпе-жегіне тымақ киіп шығатын Шавкат шетелдіктерді қызықтырып қойған еді. Енді міне, спортшының қолтаңбасы бар тымақты тапсырыспен алуға мүмкіндік туды. Сатылымға шыққан тымақтардың бағалары әртүрлі.

UFC-дің жұлдызы Шавкаттың бұл бастамасына жанкүйерлері қолдау білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға