Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов Меккеге барды

Шавкат Рахмонов Меккеге барды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 14.04.2023 13:16 698

UFC-дің атақты қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмонов Рамазанның қасиетті күндерінде Меккеге кіші қажылық жасауға барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аралас жекпе-жек шебері Ұмраға жақындары және достарымен бірге аттанған.

«Рамазан айындағы ұмра құлшылығымыз қабыл болсын, Иншалла», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shavkat Rahmonov (@shavkatrakhmonov94)

4 наурызда Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 285-те ұйымдағы өзінің бесінші жеңісіне қол жеткізді. Жерлесіміз американдық Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Осыдан соң демалысқа шығып, еліміздің өңірлерін аралады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға