Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/ufceurasia 16.12.2023 12:18 740

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz, сайтына сілтеме жасап.

Ислам – чемпион және UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады. Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді, - деді Рахмонов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға