Жаңалықтар

Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында дауыс берді

Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында дауыс берді
Фото: saylov.uz 09.07.2023 17:20 805

Өзбекстан президентін кезекте тыс саулауда дауыс беру кезінде ел басшылығына үміткер Шавкат Мирзиеев Ташкенттегі 59-сайлау учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Шавкат Мирзиеевпен бірге әйелі, балалары мен немерелері де келіп дауыс берді. Ол дауыс бергеннен кейін сайлау учаскесіне келген жергілікті тұрғындармен тілдескені туралы ақпарат тарады. 

Бүгін Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 33%-дан астамы қатысқаны белгілі болды. Соған байланысты сайлау өтті деп танылды. Сайлауға төрт үміткер қатысып, бақ сынауда. Оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бары бұған дейін бірнеше рет айтылды.. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 %-дан астам дауыс жинауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға