Жаңалықтар

«Шаш ал десе, бас алады». Жанарбек Әшімжан полицейлерді сынға алды

«Шаш ал десе, бас алады». Жанарбек Әшімжан полицейлерді сынға алды
Фото: t.me/mazhilis_kz 10.05.2023 11:26 1419

Депутат Жанарбек Әшімжан журналистердің елімізде журналистерге қысым көбейгенін айтып, ішкі істер министрлігіне депуаттық сауал тастады, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжілісменнің сөзінше өткен аптада журналист Еренғайып Қуатаевты Алматыдан Астанаға ұшып келіп, Қарағандыға бара жатқан жерінен 4,5 сағат ұстап, қолынан із алып тергеп-тексерген. Журналист Қарағандыға марафонға қатысу үшін бара жатқан. Ол соңғы кездері бірнеше марафондарға қатысқан. Атап айтқанда, әлем әйгілі Бостон, Лондон, Токио марафонында жүгірген.

Ешбір дәйексіз, саясатқа қатысы жоқ азамат. Бұл жекелеген бір ғана мәселе. Осындай әртүрлі мысалдар бар. Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан үлкен реформалары бар. Осының барлығын жуып-шайып, түрлі қоғамдық пікірлер тудырып, кейде Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің «шаш ал десе, бас алып» кететін артық қадам жасайтын жағдайлар бар. Осыны бақылауда ұстасаңыз, – деді Жанарбек Әшімжан.

Бұл сұраққа Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әр деректі жеке қарау қажеттігін, заң бұзушылық болса тиісті жауапкершілік барын айтты.

Бір-бірімізге пәле жаппай нақты дерек болса, заң аясында ол жауапты болады. Құқықтық мемлекетте тұрып жатқасын заңға сүйеніп жұмыс істейік, – деді Ахметжанов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға