Жаңалықтар

Шаруалар егініне су жеткізе алмай, қыруар шығынға батуда – сенатор

Шаруалар егініне су жеткізе алмай, қыруар шығынға батуда – сенатор
Фото: pixabay.com 21.09.2023 12:25 1725

Сенатор Мұрат Қадырбек Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысындағы аграршылардың өткір мәселелерін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл бойы егінін егіп, шығынын шығарған шаруалар, шілде-тамыз айларында егінін суаруға су жеткізе алмай, қыруар шығынға батуда және бұл жыл сайын қайталанатын жайт. Ең маңыздысы, осы проблемаларды шешу үшін жасалған жобалар да бар, қаржылар да бөлінген, өкінішке қарай, қаржыландыру тоқтап, жобалар өз мақсатына жетпеген, – деді сенатор.

Мәселен, «Боралдай» су қоймасы жобасын қаржыландыру мен Отырар ауданындағы Шәуілдір бассейнінің ішкі коллекторлық-дренаждық желілерін қайта жаңарту жұмыстары тоқтап қалды. Депутат осыған байланысты премьер-министрден осы мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрады.

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмаларына сәйкес жоғарыда айтылған Түркістан облысындағы су нысандары мен су қоймаларын тиісті бағдарламаға енгізіп, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруды сұраймыз, – деді депутат Мұрат Қадырбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға