Жаңалықтар

«Шаршағаным басылып қалды». Димаш Құдайберген Құлсарыға халықты қолдауға барды

«Шаршағаным басылып қалды». Димаш Құдайберген Құлсарыға халықты қолдауға барды
Фото: Видеодан кадр 11.04.2024 10:00 835

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысынан кейін Атырау облысындағы Құлсары қаласына барып, су тасқынына қарсы күресіп жүрген халыққа қолдау білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің Құлсарыда жүргенін әуелі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлаған. Әлемге әйгілі әнші құтқарушыларға алғысын айтып, су тасқынының салдарымен күрескен азаматтармен фотосуретке түскен. Димашты көргендер оны ұялы телефонына түсіріп, ырзалығын айтады.

Димаш құрдасым келіп қалды. Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын, - дейді құлсарылық азамат.

Димаш оның арқасынан қағып, тілегін айтады.

Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін. Болашағымыз жарқын болсын, үлкендеріміз аман болсын, кішкентайларымыз өсіп-өнсін, - дейді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға