«Шапалақпен ұрған». Балабақша тәрбиешісінің дөрекі әрекеті елді шошытты
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
16.05.2024 14:47
1068
Оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ ата-ананы байқауға болады. Олар балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбасынан өз балаларын ұрып-соққанын көріп жатыр. Кейбірі тәрбиешінің дөрекілігінен талып қалған.
Видеодан балаларға тәрбиешінің дөрекі қарым-қатынасы байқауға болады. Бүлдіршіннің бірін шапалақпен ұрса, кейбірін жұлқылап жатыр, ал біреуін тұншықтырған.
Жетісу облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Оқиғаға қатысы бар балабақша әдіскері, тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші 2024 жылдың 15 мамыр күні жұмыстан босатылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға