Жаңалықтар

Шанхайда садақ атудан Әлем кубогы мәресіне жетті

Шанхайда садақ атудан Әлем кубогы мәресіне жетті
Фото: ©ҚР ҰОК/Сали Сабиров 29.04.2024 14:45 417

Садақ атудан Қазақстан командасы Қытайдың Шанхай қаласында өткен Әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, әлемдік додада блоктық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Мұндай жеңіске садақшы қыздарымыз тұңғыш рет қол жеткізіп отыр. 

Аталған сында Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қорғады. 

Қалған спортшыларымыз айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткен жоқ. Олимпиадашы Ильфат Абдуллин іріктеу кезеңінде 9-орыннан көрінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға