Жаңалықтар

Шаңғымен тұғырдан секіруден отандық жас спортшылар олимпиадаға дайындалуда

Шаңғымен тұғырдан секіруден отандық жас спортшылар олимпиадаға дайындалуда
Фото: © Olympic.kz 13.01.2024 09:12 884

Канвонда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруден 4 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Бұл туралы команданың аға бапкері Қайрат Биекенов хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан намысын Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина, Алена Свириденко сынды спортшылар қорғайды. 

Мизерных, Шильников және Шишкина Олимпиадаға даярлау орталығының тәрбиеленушілері. Спортшыларды таңдау кезінде Қазақстан кубогі. құрлықтық кубок және FIS ұйымдастыратын турнирлер есепке алынды. Біз де осы ойында медальға таласамыз деген үміттеміз. Әсіресе, Илья Мизерных жүлдеге қол жеткізуі мүмкін, - деді бапкер.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы қаласында жаттығуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға