Жаңалықтар

Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam финалына шықты

Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam финалына шықты
Фото: t.me/kazjudoteam 16.06.2023 16:00 963

Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан сапынан 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовты ұтты. Келесі белдесуінде Мағжан өзбекстандық спортшы Бахром Ботуровты иппон ұпайымен жеңсе, жартылай финалдық белдесуде тәжікстандық Мерзод Суфиевтен басым түсті. Ақтық сында Мағжан Шамшадин франциялық Седрик Револмен кездеседі.

Ал жарыстың екінші айналымында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейін салмақта әлем чемпионы Яго Абуладзені жеңіп, кезіндегі есесін қайтарды. Оның келесі қарсыласы Нармандах Баянмунхты (БАӘ) сенімді түрде ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam финалына шықты

https://t.me/kazjudoteam

Әйелдер арасында 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Ғалия Тынбаева қола медаль үшін күреседі. Алғашқы кездесуінде Бельгия спортшысы Луиз Петитті жеңді. Ширек финалдың жолдамасы үшін өзбек қызы Халимджон Курбоноваға есе жіберген болатын. Осылайша, жұбаныш белдесуінде португалиялық Коста Катаринаны жеңіп, қазақстандық спортшы үшінші орынға күресу мүмкіндігін алды.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Айта кетсек, жарыстың бірінші күні татамиге 48 келі, 52 келі, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі әйелдер және 60 келі, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бақ сынайтын ерлер шықты.

Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam финалына шықты

https://t.me/kazjudoteam

Бұл жарыста барлығы 42 елдің 334 спортшысы бақ сынап жатыр. Әлемдік дода Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр. Жарыс 16-18 маусымға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін – 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға