Жаңалықтар

Шәкен Айманов атындағы қазақфильм киностудиясында 400 миллион теңге ұрланған

Шәкен Айманов атындағы қазақфильм киностудиясында 400 миллион теңге ұрланған
Фото: facebook.com/Kazakfilmstudios.kz 19.12.2023 09:40 1262

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға