Жаңалықтар

Шахтадағы апат: Лакшми Миттал кеншілердің отбасына неге көңіл айтпады?

Шахтадағы апат: Лакшми Миттал кеншілердің отбасына неге көңіл айтпады?
Фото: © AFP 31.10.2023 14:31 2472

«Арселор Миттал Теміртаудың» басшысы Лакшми Миттал Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына неліктен көңіл айтпаған? Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сұраққа министр Үкіметте өткен баспасөз отырысында жауап берді.

Мен Қазақстандағы инвестор акционердің атынан жауап бере алмаймын. Заңдық тұрғыда қазақстандық активтердің иесі Лакшми Миттал емес, «Арселлор Миттал» компаниясы болып отыр. Ал Лакшми Миттал компанияның акционерлерінің бірі ғана. Сондықтан мен жеке тұлғаға қатысты жауап бере алмаймын. Бұл оның шешімі, - деп жауап берді министр Шарлапаев.

Бұған дейін Костенко шахтасында апат кезінде қаза тапқан соңғы 46-шы кеншінің денесі табылғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға