Жаңалықтар

Шахтадағы апат: екінші кеншінің денесі табылды

Шахтадағы апат: екінші кеншінің денесі табылды
Фото: © Pixabay.com 18.08.2023 09:03 539

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында екінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Бұған дейін қаза тапқан бір кеншінің аты-жөні анықталғанын жазғанбыз.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл). Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген «АрселорМиттал Темиртау» мәліметінде.

Айта кетейік, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан  еді. Шахта ішінен 222 қызметкер жер бетіне шығарылып, бес адамды іздеу жұмысы жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға