Жаңалықтар

Шахматтан Үміткерлер турнирінің үздігі анықталды

Шахматтан Үміткерлер турнирінің үздігі анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.04.2024 18:46 497

Қытайлық шахматшы Тань Чжунъи Үміткерлер турнирінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық Тань Чжунъи Торонтода шахматтан өткен Үміткерлер турнирінде жеңімпаз атанды.

Қорытынды, 14-турда Чжунъи украиналық Анна Музычукпен кездесті. 32 жастағы қытайлық бойжеткен тоғыз ұпай жинап, өзінен кейінгі қарсыласын 1,5 ұпайға озып кетті.

Үміткерлер турнирінің қорытындысы:

Тань Чжунъи (Қытай) — 9 ұпай;

Хампи Конеру (Үндістан) — 7,5 ұпай;

Лэй Тинцзе (Қытай) — 7,5 ұпай;

Рамешбабу Вайшали (Үндістан) — 7,5 ұпай;

Александра Горячкина (Ресей) — 7 ұпай;

Екатерина Лагно (Ресей) — 6,5 ұпай;

Нургюл Салимова (Болгария) — 5,5 ұпай;

Анна Музычук (Украина) — 5,5 ұпай.

Тань Чжунъи шахмат тәжіне үшінші рет таласпақ. 2017 жылы әлем чемпионы атағын украиналық Анна Музычукпен сарапқа салса, бір жылдан соң отандасы Цзюй Вэньцзюньге есе жебірді. Енді қытайлық шахматшылар тағы өзара кім мықтыны анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға