Жаңалықтар

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды
Фото: El.kz 14.04.2023 16:26 1314

Елордада шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатының құрметіне Вишванатан Ананд ағаш отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шара FIDE, Қазақстан шахмат федерациясы және Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен шахмат алаңында өтті.  Вишванатан Ананд шахматтан 15-ші әлем чемпионы және Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы.

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Ол 2000 жылы FIDE әлем чемпионы атағын жеңіп алды, 2007 - 2013 жылдар аралығында қатарынан әлем чемпионы болып келді. Қазір оқу-ағарту жұмыстарымен айналысып, балалар мен жасөспірімдерге шахмат ойнауды үйретуде.

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Астанадағы шахмат алаңы 2005 жылы құрылған. Саябақтың ортасында шахмат тақтасы түріндегі платформа бар. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе шахмат әуесқойларының сүйікті алаңқайларының бірі.  Жылдың жылы мезгілінде саябақ орындықтарында ойнап отырған шахматшыларды кездестіруге болады.

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

Шахматтан әлем чемпионы Астанада ағаш отырғызды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға