Жаңалықтар

"Шабыт" сарайында аудитория саны көбейеді

"Шабыт" сарайында аудитория саны көбейеді
Фото: Ашық дереккөзден 11.11.2023 17:51 646

Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайының қайта жаңартылу себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайы ғимаратын қайта құру» жобасы бойынша университетте оқитын студенттер санының артуына және алаңдардың (аудиториялардың) тапшылығына байланысты жұмыстар жүргізу жоспарланған, - деп мәлімдеді министрлік тарапы. 

Жауапта айтылғандай, жобада «Шабыт» шығармашылық сарайы ғимаратының алаңын және аудиториялар санын ұлғайту көзделген.

Бұған дейін ЖОО ғимараттың апаттық жағдайына байланысты күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы Қазақстан ұлттық өнер университетінің шатырындағы ақауға қарсылық білдіріп, «Шелек шабытты құртады» атты шара өткізген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға