Жаңалықтар

Сеул қаласында қазақтың киіз үйлері орнатылды

Ұлттық мәдениетіміз шетелде жаңғырды
Сеул қаласында қазақтың киіз үйлері орнатылды
Фото: kznews.kz 22.10.2022 18:27 2518

Әлемге әйгілі Сеул қаласында қазақтың киіз үйлері қала орталығында орнатылып, шаһар тұрғындарының назарына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz

Азиялық фестиваль аясында  көрермендер қазақтың киіз үйін, салт-дәстүрін  тамашалап, Алатау бөктерінің інжу-маржанына айналған "Шымбұлақ" тау-шаңғысына виртуалды саяхат жасады.  

Йоуидо саябағында  қазақтың бойы екі метрлік батыр жігіттері Корея тұрғындарын таң қалдырды. 

Сондай-ақ, Ұлттық аспаптардың сырлы әрі сиқырлы үні ойнап, қонақтарға ұлттық тағамдарымыз ұсынылды.  

Шетелдегі қазақ ауылында көрермендер Ұлы даланың тұмса табиғаты, саф ауасы жайлы фото-бейнероликтерін тамашалап, корей театры мен 1937 жылғы депортацияға арналған стендерді де көре алды. 

Айта кетейік, биылғы жылды Астана мен Сеул өзара мәдениет жылы деп жарияланған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға