Футболдан Испания құрамасының, мадридтік «Реал» мен париждік ПСЖ клубтарының бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос испаниялық «Севилья» футбол клубын сатып алуды көздеп отырған инвесторлар тобына жетекшілік етіп отырғаны мәлім болды, деп хабарды Еl.kz интернет порталы.
Испаниялық Cope радиосының мәліметінше, 39 жастағы Рамос бастаған инвесторлар тобы қазіргі уақытта «Севильяны» сатып алуға берілген ең жоғары ұсынысты берген. Бұған дейін келіссөздерден америкалық инвестициялық қордың шығуы клуб активтерінің бағасын төмендеткен.
Алдағы уақытта «Севилья» клубының директорлар кеңесі Рамос тобының ұсынысын қарастырады. Айта кетейік, Серхио Рамос - «Севильяның» өз түлегі. Ол бұл клубта 2004-2005 жылдары ойнап, 2023 жылы қайта оралып, бір маусым өткізген.
«Севилья» - Испаниядағы ең танымал, жетістігі көп клубтардың бірі. Команда Еуропа лигасын жеті рет жеңіп алып, турнир тарихындағы рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.
Серхио Рамос «Севильяны» сатып алуға ниет білдірді
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары