Жаңалықтар

Сенсация: Қазақстан азулы Солтүстік Ирландияны сырт алаңда жеңді

Сенсация: Қазақстан азулы Солтүстік Ирландияны сырт алаңда жеңді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 20.06.2023 09:03 930

Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Н тобында өткен матч тартысқа толы болып, Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз жеңіс голын 88-минутта Абат Айымбетов соқты.

Ол әріптесін ауыстырған болатын. «Астана» шабуылшысы қарсылас алаңының орта тұсынан пас алып, жергілікті қорғаушыларды қапы қалдырды да қақпаны дәл көздеді. Ал қақпашы Бэйли Пикок-Фаррелл ештеңе істей алған жоқ.

Төрт раунд қорытындысы бойынша ұлттық құрама тоғыз ұпай еншіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға