Жаңалықтар

Сенімділік – жеңістің жартысы – Армангүл Тоқтамұрат

Сенімділік – жеңістің жартысы – Армангүл Тоқтамұрат
Фото: El.kz 07.11.2022 20:35 2595

Танымал тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат El.kz ақпараттық порталына қонаққа келіп, әріптестерімен емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Кездесу барысында бүгінгі журналистиканың бағыт-бағдары, негізгі терендтер туралы пікір алмасты.  
 
Жаңа медиа мен дәстүрлі медиа бір-бірін толықтаратын құрал екені, журналистің кәсіби этикасы, кәсіби ізденісі және тағы басқасы туралы ой бөліскен Арман Тоқтамұраттан журналистикаға қалай келегінін сұрадық.  

– Негізгі мамандығым журналист емес. Әлеуметтанушымын. Бұл екеуі адамды, қоғамды зерттейтін, бір-біріне өте жақын мамындықтар.
Журналистика саласындағы еңбек өтілім 20 жыл. Осы жылдары телеарнаның ақпарат тарату бөлімінде журналист ретінде қалыптасып, шыңдалдым. Жаңалықтар қызметі объективті, оперативті жұмыс істеуді талап етеді. Яғни жаңалықты жан-жақты қамтып, жетел шешім шығаруға үйретеді.
Әртүрлі телеарнада жұмыс істеп, тәжірибиемді байыттым. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы кәсіби мамандардың ортасы. Сол жерде өзімді жайлы, ыңғайлы сезінемін. Сол себепті ұлттық арнада жүрмін, – деп бастады сөзін тележүргізуші.

– Қазіргі журналистика жайында не айтасыз? Смартфон, планшет ұстаған кез келген адам ақпарат тарататын заман болды. Жаңа медиа «блогер» деген ұғымды алып келді. Қазір журналист пен блогерді тең көретін адамдар бар. Кәсіби журналист ретінде бұған не дейсіз?

– Шыны керек, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі күшейіп, әлеуметтік желі ақпарат таратудың бірегей платформасына айналды. Оны жоққа шығара алмаймыз.
Енді блогер мен журналистің қызмет аясын талдайықшы. Блогер ақпаратты алады, сосын жариялайды. Ал журналист ақпаратты алады, оны талдап, өндеп, күзеп, мақалаға айналдырады. Содан кейін ғана ақпаратпен бөліседі. Көрдіңіз бе, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей, екеуін салыстыруға мүлде болмайды.
Келісемін, блогердің қалың аудиториясы бар, бірақ негативтен жалығатын уақыт болады. Аудиторияға сапалы контент беру маңызды. Бұл бағытта блогерлік жұмысын үйлестіріп жүргендер де аз емес.  

 

– Ұлттық арнадағы жақсы жобаның бірі – «Жедел желі». Сіз бағдарламаны жүргізесіз. Жауапкершілікті, көп ізденісті талап ететін бағдарламаны жүргізу қаншалықты қиын?

– «Жедел желіде» Энергетика министрі Болат Акшолаков, Денсаулық министрі Ажар Ғиният, Әділет министрі Қанат Мусин, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен сұхбат алдық. Бұл – ведемоства басшысын желі арқылы халықпен жүздестірудің бір жолы. Яғни ұлттық арна халық пен биліктің арасында көпір болып, атқарылып жатқан жұмыстарды талдап, жұртты толғандыратын мәселені жеткізу.
Көрмендеріміз бұл жобаны өте жоғары бағалап, «Жедел желіге» өте белсенді қатысып, сұрағын жолдап жатады.
Жауапкершілігі өте ауыр. Сондықтан көп ізденіп, халықты қандай мәселе толғандыратынын алдын ала зерттеп, эфирге шығамыз.  

– Бәрекелді! Жақсы жобаларда жарқылап көріне беріңіз. Кәсіби бағыттағы жоспарыңызбен бөліссеңіз.

– Нақты жоспармен жүремін деп айта алмаймын. Алланың бұйырғаны болады деп жүретін қазақтың біріміз. Кәсіби біліктілігімді арттырып, жұмысымды жалғастыра беремін.

– Эфирде өзіндік түр-кескіңіз қалыптасты, болмыс-бітіміңізбен елге белгілісіз. Бәлкім, басқа саладан ұсыныс түскен болар!

– Жақында киноға шақырды. Бақытсыз әйелдің ролін сомдауға. Басқа образдардан да ұсыныс түсті. Кәсіби әртіс емеспін...

– Қоғам болғаннан кейін әр адамның пікірі, өмірге деген көзқарасы әртүрлі болады. Хейтерлерге қалай қарайсыз?

– Егер ақиқатты жазса қабылдаймын. Кәсіби біліктілігіме байланысты дұрыс пікір білдірсе қайта сабақ алуға тырысамын. Бірақ менің жеке өмірімде шаруасы болмау керек. Меніңше, өмірде өзінің жетістігі жоқ бақытсыз адамдар, хэйтерлер.

– Жас журнлистерге қандай мотивация берер едіңіз?

– Ешқашан қорықпау керек. Сенімділік – жеңістің жартысы. Өз-өзіне сенімді адам бәрін жеңеді. Көп оқу керек, көп іздену керек. Аға буынмен тәжірибе алмасудан қорықпау керек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға