Жаңалықтар

Сенаттың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды

Сенаттың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды
Фото: gov.kz 02.05.2024 10:24 772

Бүгінгі Сенаттың жалпы отырысында Сенат депутаттарын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитеттерінің құрамына сайлау туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат депутаттарының жаңа қызметке ауысу туралы өтінішіне сәйкес қаулы қабылданды.

Жаңадан сайланған депутат Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді. Сонымен қатар Сенат депутаты Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы басқа комитетке ауысу туралы өтініш білдірді. Заңнамаға сәйкес депутаттардың ондай құқығы бар, - деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау органдары тұрақты комитетінің құрамына Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды. Сенат төрағасы әріптестерінің алдағы жұмысына табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға