Жаңалықтар

Сенаттың комитет төрағалары қайта сайланды

Депутаттар палаталардың комитет төрағаларын қайта сайлады
Сенаттың комитет төрағалары қайта сайланды
Фото: Ақорда 26.01.2023 11:46 819

Палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне Сүйіндік Тәсеменұлы Алдашевтің кандидатурасы ұсынылды. Осылайша Сүйіндік Алдашев аталған комитет төрағасы болып бірауыздан сайланды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне Сұлтанбек Алмасбекұлы сайланды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Андрей Иванович Лукин сайланды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға