Жаңалықтар

Сенатта Еуразиялық экономикалық одақ туралы заң мақұлданды

Сенатта Еуразиялық экономикалық одақ туралы заң мақұлданды
Фото: © El.kz 08.02.2024 12:30 396

Сенаттың жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында хаттамаға қол қойды.

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер нарығын дамытуға және тұтыну орны бойынша салық есебіне қоюды оңайлату, оларға қосылған құн салығын төлеу тетігін енгізуге ықпал ететінін айтты.

Қазіргі уақытта хаттаманы ратификациялау туралы Заң «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес барлық қажетті сараптамадан өтті. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді, - деді Бекболат Орынбеков.

Заңның негізгі міндеттері – Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, үшінші елдермен де, қосымша құн салығын төлеудің ашық және айқын тетігі бар салық салудың тең жағдайларын жасау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру саласында бизнесті жүргізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға