Жаңалықтар

Сенатта 2022 жылғы республикалық бюджеттің есебі таныстырылды

Сенатта 2022 жылғы республикалық бюджеттің есебі таныстырылды
Фото: ҚР Сенатының баспасөз қызметі 25.05.2023 21:40 577

Бүгін Сенатта Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жылы бюджеттің атқарылуының негізгі көрсеткіштері туралы сенаторларға айтып берді. Мәселен, түсімдер 2021 жылмен салыстырғанда 325 млрд теңгеге асыра орындалып, 3,5 млрд теңгеге жуық өсті.

Жоғары аудиторлық палатаның есебін таныстыру аясында мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы да айтылды. Мәселен, Палата 2 330 аудиторлық шара өткізді, онда 337 млрд теңге сомасындағы қаржы тәртібінің бұзылғаны анықталды.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова мен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндама жасады.

Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата жария еткен есептерді жұмысқа қабылдады. Депутаттар материалдарды зерделеу жөніндегі жұмыс топтарын ұйымдастыратын болды. Құжат кейіннен Палата отырысында қаралатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға