Жаңалықтар

Сенаторлар өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударды

Сенаторлар өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударды
Фото: ҚР Парламент Сенаты 12.06.2023 20:48 622

Сенат депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері Абай облысында қаза тапқан орманшылардың отбасыларына көмек көрсету қорына бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, жағдайды сол жерде тиісті көмек көрсету үшін Сенат депутаттары Ольга Булавкина, Айнұр Арғынбекова және Қайрат Тастекеевтер өңірге жіберілді.

Қазір облыста өртке қарсы күрес жалғасуда. Арнайы қызмет, әскерилер мен еріктілер облыс тұрғындарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға