Жаңалықтар

Сенаторлар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заңды қарады

Сенаторлар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заңды қарады
Фото: © El.kz 16.11.2023 14:29 667

Сенат отырысында сенаторлар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Құжат нормаларына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының он заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Соның аясында тиісті салада мемлекеттік бақылаудың қосымша функциясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріледі.

Иммигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынудың міндетті тетігін енгізу де заң шеңберіндегі жаңашылдықтардың бірі екенін атап өткен жөн. Бұл еліміздің ұлттық мүддесін қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды екені анық. Заңда цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыруға қатысты да бірқатар шара қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға