Сенат спикерінің орынбасары студенттерге дәріс оқыды
17.05.2025 00:31
1616

Фото: facebook.com/SupcourtRK
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенттері мен оқытушыларына қонақ дәріс оқыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәріс барысында Жақып Асанов құқық қорғау органдарындағы көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, елде заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына, сот жүйесін жетілдіру мен құқық қорғау саласындағы реформалардың мәніне кеңінен тоқталды.
Мемлекеттік қызметте, әсіресе құқық қорғау саласында реформа жүргізу – өте күрделі әрі жауапты жұмыс. Бұл тек заңдарды өзгерту емес, ең алдымен адамдардың санасына ықпал ету, жүйелі өзгерістер енгізіп, ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізу. Ол үшін үш нәрсе қажет: артық бюрократиядан арылу, адал әрі кәсіби команда қалыптастыру және заманауи технологиялар мен нақты құралдарды пайдалану, - деді Сенат Вице-Спикері.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда «Mangystau Future 2025» инвестициялық форумы өтті
Келесі жаңалық
Нұрпейіс Байғаниннің көне домбырасы қайта жаңғыртылуда