Жаңалықтар

Сенат спикері Астана күніне орай көпшілікті мерекемен құттықтады

Сенат спикері Астана күніне орай көпшілікті мерекемен құттықтады
Фото: parlam.kz 06.07.2023 12:52 642

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Астананың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жоғары палата төрағасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады. 

Құрметті достар! Баршаңызды Астананың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Елордамыз осы жылдардың ішінде қарқынды дамып, өзінің мәртебесіне сай еңселі орталыққа айналды. Ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеуге зор ықпалын тигізді. Астананың Арқа төріне көшуі еліміз үшін өте қиын кезеңдерде іске асқаны белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше ғана өткен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында «бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім болғанын» айрықша атап өтті. Шын мәнінде, жаңа астана өзі ғана өркендеп қоймай, тұтас елдің ілгері жылжуына тың серпін берді. Астанамыз ширек ғасырдың ішінде жан-жақты дамыды. Осылайша ол әкімшілік орталық қана емес, мәдени-рухани салмағы басым іргелі шаһарға айналды. Сондықтан, Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі деп сенімді түрде айта аламыз. Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр отбасына ырыс пен ынтымақ тілеймін! Елдігіміз мәңгі, ертеңіміз баянды болсын! Қаламыз өсіп-өркендей берсін! Астана күні құтты болсын, - деп жазды Мәулет Сағатханұлы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға