Жаңалықтар

Senat Open шахмат турниріне 3 мыңға жуық адам қатысады

Senat Open шахмат турниріне 3 мыңға жуық адам қатысады
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы 30.04.2024 17:35 270

Қазақстан шахмат федерациясы және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен ұйымдастырылып отырған Senat Open шахмат турниріне қоғам қайраткерлері, журналистер, Парламент және мәслихат депутаттары қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

21 сәуір мен 28 мамыр аралығында барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда іріктеу өтеді, оның қорытындысы бойынша әр өңірден үздік 25 ойыншы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтық қағидаты бойынша құрылған жартылай финалдардың бірінде ойнауға құқылы. 29 тамызда Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 250 адам қарсы ойнайды. 

Бұл турнир өзінің ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған. Бүкіл ел бойынша біріншілікке 3 мыңға жуық адам қатыспақшы, оның ішінде 210 мәслихаттың депутаттары. Шахматқа байланысты ұйымдастырылып отырған турнирде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары ғана емес, сондай-ақ журналистер мен қоғам қайраткерлері де жиналатыны маңызды.  Бұл біздің мемлекетіміздің ашықтығының, сондай-ақ шахматта гендерлік, жас және басқа да шекаралардың болмауының маңызды бір белгісі. Мен Парламент Сенатына осы бастаманы қолдап, шахматты насихаттауға қосқан зор үлестері үшін зор алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жеке және командалық есептің қорытындысы бойынша анықталады - әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан үздік 3 қатысушының қатысатыны есепке алынады. Үздік команда Үлкен ауыспалы кубоктың иегері атанады.

Іріктеу турлары Ұлытау облысында (Жезқазған қ., 21 Сәуір), Шығыс Қазақстан облысында (Өскемен қ., 27 Сәуір), Астана (27 сәуір) және Алматы (28 сәуір) қалаларында өтіп, 28 мамырға дейін жалғасады. Жартылай финалға өткен қатысушылар жасы (жеңімпаздың бірі 86 жаста!), кәсібі мен тұрғылықты жері бойынша – ірі қалалардан бастап ауылдарға дейін ерекшеленеді.

Senat Open турнирінің жартылай финалы іріктеу кезеңдерінің бірінен кейін – 10 мамырда басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға