Жаңалықтар

Сенат депутаты синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді талап етті

Сенат депутаты синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді талап етті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.02.2024 12:45 458

Бүгінгі Сенат отырысында сенатор Геннадий Шиповских синтетикалық есірткінің таралуына қатысты мәселені қозғап, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат депутатының айтуынша, балалар мен жасөспірімдер синтетикалық есірткінің кең таралу қаупіне ұшырайтын ең осал орта болып табылады. Қаскөйлер есірткіні интернет-мессенджерлер арқылы арзан бағамен сатады, жастарды улайды.

2021-2023 жылдар аралығында синтетикалық есірткі заттарын таратқаны үшін 1 021 адамға қылмыстық іс қозғалды. Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіні алу көлемі 100 келіден 1 тоннаға дейін өсті. 2021 жылы – 17, 2022 жылы – 68 және 2023 жылы 81 есірткі зертханасының қызметі анықталды, - деді ол.

Сондай-ақ Геннадий Шиповских есірткі қаупіне белсенді қарсы тұру мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. 

Елдегі есірткі саудасының өршуіне байланысты тікелей Қазақстан Республикасының президентіне бағынышты арнайы есірткіге қарсы қызмет жүргізетін жеке-дара мекеме құру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Синтетикалық есірткіні сатуға қатысатын сайттардың жарнамалау фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жарнамалаушыларды қатаң жазалау қажет. Мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындарында білімгерлерге есірткіні таратудың салдары туралы түсіндіру шараларын жандандыру қажет. Жастар, әсіресе студенттер арасындағы синтетикалық есірткіні тасымалдаушылардың санының өсуіне байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді орынды деп санаймыз, - деп ұсынды Сенат депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға