Sen Sulu брендіне бойкот: Валя Карнавал қазақстандықтар жайлы не деді?

 коллаж life.ru
Фото: коллаж life.ru

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Sen Sulu брендіне жаппай бойкот жариялап жатыр. Мәселенің төркіні – брендтің жаңа өнімін ресейлік блогер Валя Карнавалдың жарнамалауы. 

Валя Карнавал кім?

Валя Карнавал (шын аты – Валентина Карнаухова) – ресейлік блогер, TikTok жұлдызы, әнші және актриса. Ол 2001 жылы 11 қарашада Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында туған. 2018 жылы TikTok-қа тіркеліп, қысқа юморлық және би видеолар арқылы тез танымал болды. 2020 жылы «Психушка» атты алғашқы әнін шығарып, музыкалық карьерасын бастады. «Отпуск» сериалында ойнады. «Звезды в Африке» шоуының финалисі. «Голос. Дети» сияқты жобаларда жүргізуші болды.
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sen Sulu (@sensulu.cosmeticss)

  
 
Сонымен қатар Валя Карнавал – ең табысты жас инфлюенсерлерінің бірі. 2020 жылы ең көп табыс табатын TikTok-блогерлердің бірі болып, Forbes тізімінде ТОП-5-ке кірді. TikTok-та және басқа әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушы жинағаны тағы бар. 

Ол несімен қазақтарға жақпай қалды?

Есіңізде болса, Валя Карнавал 2024  Қазақстанға келіп, «Вдох-Выдох» әніне бейнебаян түсірді. Сонда әлеуметтік желіде оның түсірілім жұмысы кезінде алаңда бірде бір қазақтың болмауын қадағалағаны туралы айтылды. Артынша блогер өзіне жала жабылғанын, осы алып-қашпа сөзді таратқан адамды жауапқа тартатынын атап өтті. Десе де қазақстандықтар Карнавалдың бұл мәлімдемесіне сеніңкіремей, әншіге байокт жариялауды бастаған. 

фото: Threads желісінен скриншот

Арада екі жыл өткен соң, отандық танымал бренд Sen Sulu жаңа өнімін таныстырады. Кімді түсірді десеңіз, кірпік бояйтын өнімнің жарнамасына Валя Карнавалды таңдап алады. Косметика брендінің маркетологтары мұны «ТМД нарығына шығу»  деп түсіндіреді. Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары брендке жаппай байкот жариялап жатыр. Біріншіден, елімізде қаншама атақты әрі сұлу қыздар бола тұра, Валя Карнавалды жарнамаға шақырғанына наразы. Екіншіден, өнімге жауапты тұлғалардың түсініктемені тек орыс тілінде жазып, қазақшаға пысқырмайтынын білдіргеніне ашулы. Оған қоса Карнавалдың Ресей мен Украина арасындағы соғысты «қолдайтынын» жарыса жазып жатқандар бар. 

Қазақ тілі үшін күрес

Sen Sulu косметика брендінің төңірегіндегі дау тіл үшін күрестің алаңына айналды. Өйткені брендтің жарнама бөлімінде жұмыс істейтін маркетологтар әлеуметтік желіде орысша мәлімдеме жасады. Осы әрекет ашу қысып тұрған халықты одан сайын сансыратты. Әлеуметтік желіде Ләйлә Сұлтанқызы, Роза Әшірбаева сынды танымал адамдар түсініктемені қазақша жазуға болатынын ескертті. 

фото: Threads желісінен скриншот

Маркетолог Азиза Сабырова Sen Sulu брендінің қателігі – ұлттың қолдауымен көтеріліп тұрып, оған қарсы әрекет еткендей әсер қалдыруында деп отыр.

Мәселе Валя Карнавалдың жарнамаға түсуінде емес. Мәселенің төркіні тереңде жатыр. Бұл бренд халықтың жергілікті өнімге көрсеткен қолдауының арқасында танымал болды. Енді тұтынушыларына сол қолдауды аяқасты еткендей әсер қалдырды. Маркетологтар аудитория таңдар тұста осыны ескеруі керек еді. Оған қоса әлеуметтік желідегі 5-10% жағымсыз пікірдің өзі – белгі. Тұтынушының не қалайтынын, өніміңді не үшін жақсы көргенін зерттеу – маркетингтің басты құралы, – деді маркетолог.

 

 

Оқи отырыңыз